RU

Түсіңізде найзағай көру нені білдіреді?

Әдетте түсіңізде найзағай қандай да бір қатерді ескерту ретінде жорылады. Алайда нақты қандай өзгеріс болатынын түсіну үшін түсті бүге-шүгесіне дейін еске түсіру керек. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға түс жоруды ұсынады.

Түсіңізде найзағай көру нені білдіреді
Көрнекі фото: kaluga24.tv: Twitter

Егер түсіңізде жаңбыр жауып, найзағай ойнағанын көрсеңіз ойламаған жерден жағымсыз хабар алып, жылайтындығыңыз.

Егер жаңбырсыз тек найзағайдың жарқылын көрсеңіз, онда қиындықтардан шығудың жолын табасыз деген сөз.

Ал егер жауын мен найзағайды терезеден бақылап тұрсаңыз, онда қатердің барлығы сізді айналып өтетіндігін білдіреді.

Осындай қолайсыз ауа райында сүйіктіңізді құшақтап, қорғағанын қаласаңыз, шынайы өмірде сүйіктіңіздің жылуына мұқтаж болып жүргеніңіз жайлы хабарлайды.

Тура қасыңызға немесе үйіңіздің үстіне жай түссе, онда өміріңізге қатер төніп, қиындықтар басталады деген сөз.

Ал күн күркіреп, найзағай жарқылдап, үйіңізді су басып жатса, мұндай түс отбасыңызда келеңсіздіктер орын алатыны жайлы ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779622-tsiizde-najzagaj-kru-neni-bildiredi.html