RU

Астанада газ баллон ұстаған жігіт өзін-өзі өлтіремін деп қорқытты (видео)

Астанада белгісіз азамат қаланың қақ ортасында өз-өзін өлтіремін деп қорқытты. Ол газ баллонымен "Қазмедиа орталығының" алдына шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Айта кетейік, "Қазмедиа орталығы" ғимаратында көптеген қазақстандық телеарналардың кеңселері орналасқан. Ал азамат БАҚ өкілдерінің назарын аудару үшін сол жерді таңдаған көрінеді.

Өз-өзін өртемек болған азаматтың талаптары әлі белгісіз.

ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз NUR.KZ тілшісіне азаматтың қазір ұсталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта ол Есіл аудандық полиция бөлімшесінде.

"Қазіргі уақытта оның неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталуда. Толық ақпарат алған соң біз оны ұсынамыз", -деді Нұрділдә Ораз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779689-astanada-gaz-ballon-stagan-zigit-zin-zi-ltiremin-dep-korkytty-video.html