RU
Тойы дүркіреп өткен Ақбота Керімбекованың ұлы бірден төрт бөлмелі үйдің иесі атанды

Тойы дүркіреп өткен Ақбота Керімбекованың ұлы бірден төрт бөлмелі үйдің иесі атанды

Рассказать Вконтакте

Ақбота Керімбекова тұңғыш ұлын үйлендіріп, аста-төк той жасаған болатын. Әншінің ұлына тарту етілген сыйлықтардың ең үлкені Алматының қақ ортасынан табыс етілген төрт бөлмелі пәтердің кілті деп хабарлайды "Хит-ТВ" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова. Фото: Видеодан кадр, әншінің желідегі парақшасы, Анна Данченконың парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Ақбота Керімбекова. Фото: Видеодан кадр, әншінің желідегі парақшасы, Анна Данченконың парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Үйлене сала қолына пәтердің кілті табысталған әншінің ұлы бөлек шықпайтынын айтты.

"Бөлек шығу ойымда жоқ. Әжем мен анамды ешқайда тастап кетпеймін. Қайда барсам да, менің жанымда болады", - деді әншінің ұлы Біржан.

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова тойға туыстары мен ұлының әкесін, өнердегі әріптестерін шақырған.

Тойдың тағы бір ерекшелігі Ақботаның қуанышында бес асаба қызмет еткен.

Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні әнші келіні Әйгерімнің құлағына сырға салып, құдалық өткенін айтқан болатын.

Сондай-ақ 18 ақпан күні әнші келінінің бетін Өмірқұл Айниязовқа аштырды.

Ертесіне дүркіретіп той жасап, жақындарын бір дастархан басына жинаған әншінің қуанышында Гауһар Әлімбекова ән шырқады.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
1
1
29
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel