RU
Шымкентте әйелінің көңілдесін өлтірген азамат 11 жылға сотталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте әйелінің көңілдесін өлтірген азамат 11 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелінің көңілдесін өлтірген азаматқа үкім шығарды. Күдікті 11 жылға бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: news.yandex.by

Көрнекі фото: news.yandex.by

Шымкенттегі шағын аудандардың бірінде азық-түлік дүкенін ашып, саудамен айналысқан 30-35 жастағы әйел заңды некеде болса да, тауар тасымалдаушы азаматпен көңіл қосады.

Махаббаттың шырмауынан басы айналған келіншек нақсүйеріне жақсылық жасаудан шаршамаған. Тіпті, оған ірі сомаға несие де алып берген көрінеді.

Ал күйеуі жұбайына қатысты тараған әңгімеге сене қоймаған екен.

Алайда, бір күні банктен 800 мың теңге несие қарызы мен үстемақы туралы хабарлама келген. Сол мезетте ғана күйеуі жұбайын сұрақтың астына алып, күдіктене бастапты.

Артынша әйелінің көңіл қосқан ғашығы бар екенін естіген ол жарының ашынасымен есеп айырыспақ болады.

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабевтың айтуынша, ашуға булыққан азамат жәбірленушіге асхана пышағын сұғып алған. Жігіт алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel