Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік полицей өзіне 400 мың теңге пара ұсынған адамды ұстап берді

Опубликовано:

Шымкентте 400 мың теңгеден бас тартып, заңсыз әрекет туралы хабарлаған полиция қызметкері марапатталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жандос Айбарұлы
Жандос Айбарұлы: Depositphotos

Шымкент қалалық полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының полиция майоры Сұлтанов Жандос Айбарұлына алаяқтық істі қысқартып беруі үшін 400 мың теңге пара сыйақы бермек болған.

Алайда, Жандос Айбарұлы сыйақыдан бас тартып, өзінің қызметтік міндеттеріне адал екендігін дәлелдей білген.

Оқиға 20 ақпанда Қылмыстық кодекстің 367-бабы "Пара беру" жайты бойынша тіркелген.

Шымкент қалалық полиция департаменітінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш жайтқа қатысты ҚК 367-бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал заңсыздыққа жол бермеген Жандос Сұлтанов департамент басшылығы тарапынан марапатталып, ақшалай сыйақы табысталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780557-symkenttik-policej-zine-400-my-tege-para-syngan-adamdy-stap-berdi/

pixel