RU
Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының жаңа әкімі таныстырылды. Аталған қызметке бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған Оңдасын Оразалин тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оңдасын Оразалин. Фото apa.kz сайтынан алынды

Оңдасын Оразалин. Фото apa.kz сайтынан алынды

"Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген президент қаулысында.

Жаңа басшысыны елдің премьер-министрі Асқар Мамин таныстырды.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Еске сала кетейік, күні кеше Бердібек Сапарбаевтың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалуына байланысты Ақтөбе облысы әкімі қызметінен кеткені белгілі болды.

Әлеуметтік желіде ақтөбеліктер өңірдің гүлденуі үшін қыруар жұмыс атқарған бұрынғы әкімге алғыс білдіруде.

Олардың сөзінше, бұл істе оның кәсіби тәжірибесі мен білімі, абыройы маңызды рөл атқарған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel