Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысын басқаратын болды

Опубликовано:

Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашалығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шөкеев
Өмірзақ Шөкеев. Фото: © Sputnik / Максим Маслов: UGC

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін аталған лауазым Жансейіт Түймебаевқа тиесілі болған.

Сондай-ақ, бүгін желіде Түймебаевтың әріптестерімен "қоштасып жатқан" видеосы тарап кеткені туралы хабарланған болатын.

Түркістан облысын құру туралы Елбасының ресми Жарлығы 2018 жылдың 19 шілдесінде жарық көрген еді.

Келесі күні Қазақстанда пайда болған жаңа аймақтың басшысы ретінде бұрын ОҚО облысын басқарған Жансейіт Түймебаев тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780763-mirzak-skeev-trkistan-oblysyn-baskaratyn-boldy/

pixel