RU

Асабамен жарысып билеген қазақ әйел әп сәтте желіде жұлдыз болды

Kazakh.toy парақшасында тойда асабадан қалыспай, жарыса билеген қазақ әйелінің видеосы пайда болды. Орта жастағы келіншектің биі желіге тез таралып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Желі қолданушылары тым жас болмаса да сергек қимылдайтын әйелге сүйсініп қалған.

"Жарайсыз", "Асабадан қалысар емес", "Тойға барған соң осылай билеу керек", "Тойға адам көңіл көтеруге барады", "Осы біздің адамдардың видеоға түсіргенінен жақында тойда билей алмай қалармыз".

"Тойға барып, тып-тыныш отырғаннан осылай көңілді жүру керек", "Барлық жері жабық. Сынайтындай түк көріп тұрған жоқпын", "Мына кісі сияқты билеу үшін де күш керек шығар", "Өте керемет", - деп жазды тамсанушылар.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781321-asabamen-zarysyp-bilegen-kazak-jel-p-stte-zelide-zldyz-boldy.html