RU
Мемлекеттік құпияны жариялаған Майлыбаев жазасын жеңілдетуді сұрады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Мемлекеттік құпияны жариялаған Майлыбаев жазасын жеңілдетуді сұрады

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік құпияны жинап, оны жариялағаны үшін жазасын өтеп жатқан Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев соттан өзін қауіпсіздігі барынша төмен колонияға ауыстыруды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Майлыбаев. Фото: qostanay.tv

Бағлан Майлыбаев. Фото: qostanay.tv

Астана қалалық соты баспасөз қызметінде хабарлағандай, Майлыбаев жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр.

Жақында ол өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Ал №2 Байқоңыр ауданы соты бұл өтінішті қабылдаған жоқ. Аталған шешім 20 ақпан күні қабылданды.

Бағлан Майлыбаев - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары. Ол Қылмыстық кодекстің 185 бабына сәйкес айыпталған.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel