RU
Ақтөбеде жалған техбайқау құжатын сатып алған жүргізуші өкініп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде ХҚКО-нан жалған техбайқау құжатын сатып алған жүргізуші сан соғып қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі ХҚКО маңында көлік жүргізушілеріне техбайқаудан өткенін растайтын құжаттар ұсынушылар анықталды. Жалған құжат алып, сан соғып жатқандар бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде ХҚКО-нан жалған техбайқау құжатын сатып алған жүргізуші сан соғып қалды

Көрнекі фото: kolesa.kz

Енді ХҚКО қызметкерлері тапсырылатын құжаттардың шынайылығына мән бере бастаған.

Аталған құрылымның баспасөз қызметкері Әсел Мұстафинаның айтуынша, «Азаматтарға арналған үкіметтің» Ақтөбе облыстық филиалының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік құралдарын тексеру кезінде мамандар техникалық жалған байқау құжаттарын тапты.

«Азаматтар көлік құралдарын техникалық тексеруден өткізу кезінде жалған құжаттарға сеніп, ХҚКО-на көліктерін тіркеуге келіп жатыр. Мамандар азаматтар ұсынған жалған құжаттарды анықтап, дер кезінде жою жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Әсел Мұстафина.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel