RU
Жаңаөзендік дәрігерлер төрт метр биіктіктен құлаған балақайды аман алып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Жаңаөзендік дәрігерлер төрт метр биіктіктен құлаған балақайды аман алып қалды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында үйдің төбесінен құлап, басын тасқа жарып алған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, жеті жастағы баланың жағдайы ауыр деп хабарлайды inaktau.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жанаөзен дәрігерлері үй шатырынан құлаған баланы аман алып қалды

Коллаж:inaktau.kz/Kazakh-tv.kz

2012 жылы туылған балақай Жаңаөзен қалалық ауруханасына ашық бас-ми жарақаты, маңдай сүйектің ішке қарай сынуы, сол жақ маңдай бөлігінің қыртыстық жарақаты диагнозымен түскен.

Ата-анасының сөзінше, ұлдары үйдың төбесінде ойнап жүріп, төрт метр биіктіктен тастың үстіне құлап, басын жарған.

Ұл баланың өмірін құтқаруға балалар нейрохирургы Ербол Кенжевалов шұғыл түрде жеткен.

"Жараның алғашқы хирургиялық өңделуін облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургы жасады. Баланың жарасына құм мен кір түскендіктен, іріңдеу, менингит немесе вентрикулит сынды асқынулар болуы мүмкін", - дейді нейрохирург.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel