Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаларды есек етімен тамақтандырған балабақша жұртты шошытты

Опубликовано:

Грузияның балабақшаларында қауіпті түскі ас себебінен шу шықты. Кей мекемелерде балаларды сиыр етінің орнына жылқы және есек етімен тамақтандырған деп хабарлайды МИР 24 телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Мир 24
Фото: Видеодан кадр/ Мир 24: Facebook

Жылқы еті мен есек еті Аджария, Имеретия және Гурия балабақшалары мен мектептерінде берілген. Ал мұны сараптама нәтижелері растап отыр.

Зертхана материалдарына сәйкес, тауар жеткізушілер бірнеше ай көлемінде сиыр етін әкелудің орнына жылқы еті мен есек етін жеткізіп отырыпты.

"Сараптамада жылқы мен есек ДНҚ көрсеткіші шықты. Алайда, құжатта олар тауарды сиыр еті деп көрсеткен. Бұл қылмыс. Қылмыстық іс қозғалу керек", - деді тәуелсіз сарапшы Теона Чхаидзе.

Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері де тағамнан күмәнданғанын алға тартады. Себебі, тауар жеткізлушілер зертхана сараптамасы берген анықтаманы тастамай кетеді екен.

"Көп елдерде жылқы етін жесе де, Грузияда онда мәдениет жоқ. Ал есек еті туралы айтарым да жоқ. Енді фермаға айыппұл төлетіп, тіпті, жауып тастауы мүмкін. Ал есек сүті пайдалы, оны сатуға Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген", - дейді фермер Георгия Ломидзе.

Етті жеткізіп отырған компаниялар сертификаттарынан айырылып, жұмыстарын тоқтатты. Құқық қорғау органдары зертханадан барлық сараптама нәтижелері алынған соң қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1781677-balalardy-esek-etimen-tamaktandyrgan-balabaksa-zrtty-sosytty/

pixel