RU
Жаңаөзен дәрігерлері 12 жасар қыздың ішінен скотч, қалам және шаш алып шықты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жаңаөзен дәрігерлері 12 жасар қыздың ішінен скотч, қалам және шаш алып шықты

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 12 жастағы қызға ота жасаған дәрігерлер қыз баланың асқазанынан шаш, қалам және скотч тапқан. Бұл туралы "Лада" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жаңаөзен дәрігерлері 12 жастағы қыздың асқазанынан күтпеген заттар анықтады

Фото:lada.kz

Жаңаөзендегі облыстық ауруханада психикалық дамуында ауытқушылығы бар 12 жастағы қыз балаға шұғыл ота жасалды.

Қыз бала ауруханаға іш ауруына шағымданып, ауыр халде жеткізілген. Ол бірнеше рет құсыпты.

Жаңаөзен дәрігерлері 12 жастағы қыздың асқазанынан күтпеген заттар анықтады

Фото: lada.kz

"Іш қуысының рентгені жасалып, онда көптеген бөгде заттар бары анықталды. Шұғыл ота нәтижесінде қыз баланың ішегінен қалам, скотч және шаш алынды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақ халаттылардың сөзінше, отадан кейінгі кезеңде асқыну болмаған. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Жаңаөзен дәрігерлері 12 жастағы қыздың асқазанынан күтпеген заттар анықтады

Фото: lada.kz

Сіздің реакцияңыз
0
1
8
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel