RU
Үкімет отырысына қияр мен қызанақ суретін әкелген Дәленов ел назарын аударды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Үкімет отырысына қияр мен қызанақ суретін әкелген Дәленов ел назарын аударды

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысына құр қол келмей, қияр мен қызанақ бейнеленген сурет алып келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Руслан Дәленов. Фото: facebook.com/samal.ibrayeva

Руслан Дәленов. Фото: facebook.com/samal.ibrayeva

Министр үкімет отырысынан кейін баспасөз өкілдерімен көрнекі сурет арқылы тілдескісі келген.

Ол бүгін үкімет отырысындағы баяндамасында көкөністердің бағасын білу үшін азық-түлік базарына барғанын жеткізді.

Министрдің сөзінше, қияр мен қызанақтың бағасы мереке күндері көтерілмеуі керек.

Еске сала кетсек, үкіметтің өткен отырысында Даленов журналистерге коммуналдық қызметтің түбіртегін көрсетіп, тарифтердің төмендегенін жеткізген еді.

Министрдің айтуынша, ол бұрын жылыту қызметі үшін 3097 теңге төлеп келсе, қазіргі уақытта ол көрсеткіш 2788 теңгеге төмендеген.

Желі оқырмандары Даленовтың тапқырлығына жоғары бағасын берді.

"Министр лауазымына әзірге құр қол келмегенін көрсетіп жатыр", - деп пікірлерін жазып қалдырды олар.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel