RU
Алтыншы наурызға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

Алтыншы наурызға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Өткен айға қорытынды жасап, жаңа жоспар құру үшін қолайлы уақыт. Өміріңіздің әрбір сәтінен ләззат ала біліңіз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ алтыншы наурызға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Алтыншы наурызға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото: i-sonnik.ru

1. Тоқты

Бұл күн қуанышты сәттерге толы болмақ. Біреу сізге сезімдерін білдіріп, тіпті үйленуге ұсыныс жасауы мүмкін. Сондай-ақ бағалы бір затты сыйлыққа алуыңыз мүмкін.

2. Торпақ

Бүгін қаржыңызды бақылауда ұстаңыз. Ақшаңызды иемденгісі келетін арсыз адамды жолықтыру ықтималдығы жоғары. Туысыңызға дәрі қажет болып, соған ақша жұмсауыңыз мүмкін. Өз кәсібіңізді дамытып, өміріңізге өзгеріс енгізу үшін қолайлы күн.

3. Егіздер

Бүгінгі күн кереғарлыққа толы болмақ. Бір жағынан көңіл-күйіңіз жақсы болса, екінші жағынана жоспарды жүзеге асыруда туындаған кедергілер сізге әсер етпей қоймайды. Тағдырға қарсы шықпаңыз. Маңызды шаруаларды кейінге қалдырған жөн.

4. Шаян

Бүгінгі күннің оқиғалары жеке және кәсіби өміріңізде жетістіктер сыйлайды. Қарым-қатынасыңызға, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Уақытты жайбырақат өткізуге тырысыңыз немесе психологпен тілдесіңіз.

5. Арыстан

Бүгін көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Бұл тіпті өзіңізге деген сенімнің артуына ықпал етуі мүмкін, тек даңдайсып кетпеңіз. Келіссөздер жүргізуге, саяхаттауға және сауда жасау үшін қолайлы күн.

6. Бикеш

Бүгін тағдырдан тосынсый күтпеңіз. Қалағаныңыздың бәріне тек еңбектену арқылы қол жеткізесіз. Күні бойы түрлі тосқауылдарға тап боласыз. Соған қарамастан көздеген мақсатыңызға жетуге асығыңыз.

7. Таразы

Қандай да жоспарыңыз орындалмаса, еңсеңізді түсірмеңіз. Өмірде елеулі жетістіктерге қол жеткізгендерге қызғана қарауыңыз мүмкін. Мұндай жаман ойларға санаңызды улауға жол бермеңіз. Ұсақ-түйек заттарға қуана біліңіз.

8. Сарышаян

Бүгін өте белсенді боласыз. Бүгін алға қойған мақсатыңыздан сізді ештеңе тайдыра алмайды. Кәсіби істерде жетістіктер күтеді. Сүйіктіңіз болса, қасында өткізген әрбір сәтті бағалай біліңіз.

9. Мерген

Бүгін романтикалық көңіл-күйде боласыз. Жеке өміріңіз бен жұмысыңыз өзара байланысып кетуі мүмкін. Кәсіби істе, достық пен махаббатта жаңа бастамалар бастайтын кез. Өміріңізді бақылауда ұстаңыз.

10. Тауешкі

Бүгін ешкімді сөкпеңіз. Беделді адамның қолдауына ие болғыңыз келеді, бірақ өзіңізге сенім артқан абзал. Болашақ жоспарларды отбасыңызбен талқылауға қорықпаңыз. Жұбыңызды таппаған болсаңыз, сезімдеріңізді білдіріңіз.

11. Суқұйғыш

Бүгінгі күннен біраз көңіліңіз қалуы мүмкін. Сенім артқан жобаңыз ойыңыздан шықпайды. Серіктесіңіз немесе көмекшіңіз боламын деген адам соңғы сәтте бас тартуы мүмкін. Бірақ жеке өміріңізде сізді сәттілік күтіп тұр.

12. Балықтар

Бүгінгі күннің оқиғаларына көңіліңіз толады. Табысыңызды арттыру жолдарын табуыңыз мүмкін. Бұрынғы дауды шешіп, байқауда жеңіске жетіп, басшылықтан мақтау естуіңіз мүмкін. Отбасылы болсаңыз, сүйіктіңізге көңіл бөліңіз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel