RU
Семейде ағайынды жігіттер сөзге келіп, біреуі пышақ жарақатын алған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Семейде ағайынды жігіттер сөзге келіп, біреуі пышақ жарақатын алған

Рассказать Вконтакте

Семейде ағалы-інілі азаматтар сөзге келіп, бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат

Көрнекі фото: Vitebsk.biz

Көрнекі фото: Vitebsk.biz

Оқиға 5 қаңтар күні сағат 20.00-де орын алған.

Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 38 жастағы Рүстем Дәулетбаевтың үйіне туған інісі Серік Дәулетбаев келеді.

Олар отырыс кезінде алкагольдік сусын қолданған.

Ішімдікке сылқия тойып алған ағайындылар арасында жанжал туындап, бір-бірін балағаттай бастапты.

Осы уақытта ашуға булыққан ағасы інісін ас үй пышағымен жарақаттап жіберген.

Жәбірленуші ауыр жарақатпен ауруханаға түсіп, аман қалды.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген.

Ведомствоның айтуынша, жауапқа тартылған Рүстем Дәулетбаев сотта өз кінәсін мойындап, кешірім сұраған.

Інісі де ағасын кешіргенін және ауыр жаза қолданбауды өтініпті.

Сот шешімімен күдікті 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

"Сотта Рүстем Дәулетбаевтың бұрын сотталмағаны және тараптардың түсініктемесі ескерілді. Айыпталушы шартты түрде сотталып, айыппұл салынды. Яғни, прокурордың талаптары қанағаттандырылып, жәбірленушіге стационарлық емдеу үшін кеткен 158 616 теңгені мемлекетке төлейді", - деді соттың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel