RU
Бес жыл бұрын отбасын құрған әйел өзгенің құшағын аңсайтынын жайып салды

Бес жыл бұрын отбасын құрған әйел өзгенің құшағын аңсайтынын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Тұрмысқа шыққанына бес жыл болған әйел күйеуіне сүйіп қосылса да, өзгенің құшағын аңсап тұратынын мойындады. Жолдасымен арадағы сезімі суып кеткен келіншек ғаламтордан жанын түсінер азаматты кезіктіріп, ғашық болып қалған деп жазады "Алаш айнасы".

Фото: b17.ru

Фото: b17.ru

"Махаббатым өзге жанға ауып бара жатыр. Мен онымен танысқалы өзімді нағыз әйел сияқты сезініп жүрмін. Оның маған айтатын әрбір сөзі жылы, жаныма жақын" , - деді әйел адам.

Келіншек күйеуімен қарым-қатынасының алшақтауына оның жайбарақаттылығы себеп деп есептейді.

"Еркектердің барлығы үйленсем болды, ол ешқайда кетпейді деп ойлайды. Жайбарақаттылық танытады. Алайда, нәзік жандылар үшін қашан да көңіл аударып тұру аса маңызды. Оған жылы сөзін айтып, күнде болмаса да арасында еркелетіп тұру маңызды" , - деді ол.

Отбасылы әйел қазіргі таңда ғашық болып қалған азаматпен желі арқылы танысқанын жеткізді.

"Біз әлеуметтік желіде танысқанымызбен, бір-бірімізді баяғыдан бері танитындаймыз. Екеуміздің көзқарасымыз үнемі бір жерден шығып жатады. Ол да отбасылы адам. Бірақ, ол да әйелінің мінезінен мезі болып, үйіне аса барғысы келмейді де. Себебі, әйелі әрқашан орынсыз айқайға салып, үйін жинамай, тамақ пісірмей және бала қарамайды екен" , - деді келіншек.

Ғаламторда кезіккен қос ғашық күн санап бір-біріне қатты бауыр басып қалған.

"Сәл сөйлеспеспей қалсақ іздеп отырамын, қатты сағынамын. Ол да мені көзінен таса еткісі жоқ. Кездесіп, сағынышымызды басуға мен көнбей жүрмін. Күйеуімнің көзіне шөп салғым келмейді. Бірақ, сезім санаға бағынбай кетсе, алдағы уақытта бәрі мүмкін" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
44
7
2
3
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel