RU
"Мәз болдым": Айсәуле Бақытбектен үкі алған Тамара Асар қуанышын жасырмады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мәз болдым": Айсәуле Бақытбектен үкі алған Тамара Асар қуанышын жасырмады (фото)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана ұзатылған Айсәуле Бақытбек ұзату тойында cәукеледен үмітті құрбыларына үкі тағып шыққан. Ал мұндай құрметке ие болған нәзік жандылардың қатарында Тамара Асар да бар екен. Бұл туралы әнші өз Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар Баянның қызы өзіне үкі тағатынын естігенде жүрегі тоқтап қала жаздағанын айтты.

"Еуропада тұрмысқа шығып жатқан қалыңдық, құрбыларына өзінің бір түйір гүлін лақтырып қырылыстырып қойса, қазақта сәукеледен үмітті қыздарға кетіп бара жатқан қыз арнайы үкі дайындап, өз қолымен атап-арнап таратады. Не деген құрмет! Айсәуленің тойына мамасының құрбысы ретінде барып, қызымыздан осындай әзіл-шыны аралас қошемет көремін деп ойламаппын. Ақ жол жайылды, барлығымыз екі жағына қаз-қатар болып тұрдық. Төрт жаққа етене жақын туыстары тұрады деген оймен есік жаққа қарай орналасып, орнымды таптым.
Айсәуле өз құрбыларының аттарын тізіп айтып жатыр, аты айтылған қыздар бір-бірлеп мәз болып шығып жатыр. Бір кезде "Динара Сәтжан" дегенде Мен "уауу" дедім де "қатырдың Айсәуле" деп қатты күліп жібергенім сол-ақ екен, "Тамара Асар" дегенде жүрегім тоқтап қала жаздады. Мәз болып қуанғанымды ұялып жасырғым келіп еді, "дым не получилось", - деп жазған әнші.

Сондай-ақ, әнші Динара Сәтжан екеуі тойға шақырса, таң қалмау қажеттігін алға тартты.

"Динара да, мен де тойға шақырып жатсақ, еш таң қалмаңыз. Үкіден келген ырым үкіленіп, үрленіп ұшты дерміз. Айсәуле бақытты ғой, бақыты баянды бола берсін!", - дейді Тамара.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
2
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel