RU

8 наурыз күні астаналық арулар автобустарда тегін жүре алатын болады

Астанада халықаралық әйелдер күніне орай елордалық қыз-келіншектер қоғамдық көліктерде тегін жүре алатын болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: astana.gov.kz
фото: astana.gov.kz: Facebook

Жергілікті биліктің мәліметінше, нәзік жандылар үшін автобустармен тегін қатынау ретіндегі сыйлық алғаш рет жасалып отыр.

Қала басшылығы елордалық әйелдер қауымын төл мерекесімен дәл осылай құттықтамақ болған.

8 наурыз күні қоғамдық көліктерде тек астаналық қыз-келіншектер ғана емес, қалаға қонақ болып келген арулар да жүре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782497-8-nauryz-kni-astanalyk-arular-avtobustarda-tegin-zre-alatyn-bolady.html