Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 19 жастағы бойжеткен ғимараттың төбесінен секіріп өлді

Опубликовано:

Петропавлда құрылысы бітпеген 13 қабатты ғимараттан 19 жастағы студент құлап, қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда 19 жастағы бойжеткен ғимараттың төбесінен секіріп өлді
Көрнекі фото: vecherka74.ru: Facebook

Алдын ала болжам бойынша, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 19 жастағы студенті өз-өзіне қол салған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын хабарлады.  

«19 жастағы бойжеткеннің Сутюшев пен Пушкин көшелерінің қиылысындағы құрылысы бітпеген 13 қабатты ғимараттан құлау фактісі қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Барлық сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782617-petropavlda-19-zastagy-bojzetken-gimaratty-tbesinen-sekirip-ldi/

pixel