RU
11 наурызға арналған жұлдыз жорамал

11 наурызға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін қаржы мәселелерін шешу үшін қолайлы күн. Дарыныңыз бен қабілеттеріңізді көрсетуге тырысыңыз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ 11-ші наурызға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

11 наурызға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото: TV.ua

1. Тоқты

Бүгінгі күн жағымды көңіл серпілістеріне толы болмақ. Кәсіби мәселелерді шешуге тырысасыз. Жалақыңыз көтерілуі мүмкін. Жақсы клиент табасыз немесе көңіліңізден шығатын жұмыс табу ықтималдығы жоғары. Кешке үйіңізге көңіл бөліп, қажет емес заттардан арылыңыз.

2. Торпақ

Күн жақсы жаңалықтарға толы болады. Жеке өміріңізге, жұмысыңызға немесе қаржыға байланысты ақпарат аласыз. Маңызды шешім қабылдауға арналмаған күн. Бір нәрсені өзгертуге тырыссаңыз, тұрақтылығыңыздан айырылып қаласыз.

3. Егіздер

Бүгін күнделікті мәселелерді, маңызды емес шаруаларды шешумен айналысыңыз. Жеке өміріңізге мән беріп, өміріңізді өзгертудің жолын қарастырыңыз. Кешке достарыңызбен кездесіңіз.

4. Шаян

Бүгін көңіліңіз жабыраңқы болады. Сізді жалқаулық басып, барлық нәрседен қажығандай боласыз. Бүгін адамдармен араласпаңыз. Өзіңізге көңіл бөлген жөн.

5. Арыстан

Бұл күн сізге зеріктіретіндей көрінуі мүмкін. Жұмыста қызықсыз жобаны аяқтауға тура келеді. Сондай-ақ жұмыс орнында немесе үйдегі тазалау жұмыстары сіздің ашуыңызға тиетін жұмыс болады. Ұсақ-түйек заттардан жақсы нәрсе іздеңіз. Досыңызбен сөйлесіп, серуендеп қайтсаңыз, көңіл-күйіңіз орнына түседі.

6. Бикеш

Бүгін қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін, бірақ жобадан бас тартуға болмайды. Жағдай өзгергенге дейін біраз шыдай тұрыңыз. Денсаулығыңызға мән беріп, диетаға отырыңыз.

7. Таразы

Жаңа аптаны көтеріңкі көңіл-күймен бастау мүмкіндігі жоғары. Бұл күн кездесулер үшін, жаңа идеялармен бөлісу үшін қолайлы. Адамдармен араласқан жөн және олардың әр кеңесіне құлақ асыңыз.

8. Сарышаян

Бүгінгі күн айтарлықтай өзгерістер әкелмейді. Бірақ өміріңіздің кейбір саласына өзгеріс енгізген артық болмайды. Жақындарыңыз жайлы ұмытпаңыз, бүгін олардың біріне шер тарқату керек болады.

9. Мерген

Бұл дүйсенбі сіз үшін сезім толқыныстарына толы болмақ. Бұл сезімдер күнделікті істерді орындауға кедергі келтіреді. Жеке өмір мен жұмыстың ара-жігін ажыратып алған жөн. Кешке жақындарыңыздың бірімен ашық сөйлесуге тура келеді. Шындықты айтуға қорықпаңыз.

10. Тауешкі

Басқалармен жұмыс істеп үйрену керек. Жаңа дос пен серіктес табудан қорықпаңыз. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыстау жағын да ойлаңыз. Қаржы мәселелесінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.

11. Суқұйғыш

Бүгін жұмыс істеуге зауқыңыз тартпайды. Жеңіл-желпі жұмыстарды істеуге тырысыңыз. Жеке өміріңізде де өзгерістер болмайды. Жаңа адамдармен таныспаңыз, бәрібір бұл таныстықтан түк шықпайды.

12. Балықтар

Бүгін дүкен аралауға болмайды. Одан да бұрын ренжіткен адамнан кешірім сұраңыз. Қайырымдылық қорына ақша аударуыңызға болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel