RU
Өскемендік полицейлер 8 қабаттан секірмек болған жігітті тоқтатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Өскемендік полицейлер 8 қабаттан секірмек болған жігітті тоқтатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өзін өлтірмекші болған Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғынын тоқтатты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Оқиға 9 наурыз күні орын алған.

Күндізгі сағат 15.30 шамасында тәртіп сақшыларын әйел адам хабарласып, бейтаныс жігіттің терезеден секіруге оқталып тұрғанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу жеткен тергеуші Сағыныш Сәбиханов пен жедел уәкіл Қанат Дәуітханов пәтердің нөмірін бірден анықтап, сегізінші қабатқа жүгірген.

Бұл кезде төтенше жағдай, жедел жәрдем мамандары да жетіп үлгереді.

Пәтерге кірген бойда тәртіп сақшылары жігіттің терезеден сыртқа шығып алғанын байқапты.

Төмендегі адамдардың ақылы мен жалынышты сөздеріне 24 жастағы жігіт құлақ аса қоймаған көрінеді.

Ол құқық қорғау қызметкері Сағыныш Сәбихановпен тілдесе бастаған. Осыны пайдаланған тергеуші жылы сөзбен жігітті баурай беріпті.

Куәгерлердің айтуынша, келіссөз бір сағатқа жуық уақытта созылған.

Нәтижесінде 24 жастағы жігіт өзін өлтіру ойынан бас тартыпты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel