RU
"Сперматозоид еркекте": Әйелдің көп қыз дүниеге әкелуіне кім кінәлі? (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Сперматозоид еркекте": Әйелдің көп қыз дүниеге әкелуіне кім кінәлі? (видео)

Рассказать Вконтакте

Дүниеге көп қыз әкелетін әйелдерді кінәлі деуге бола ма? Әлде, өмірге ұрпақ келмеуіне ер азамат айыпты ма? Бұл сұраққа "Пайымдау" жобасының жүргізушісі Нұржан Еркінұлы жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Youtube/ Пайымдау

Фото: Youtube/ Пайымдау

Бағдарлама үзіндісі @kazakh_city_ парақшасында жарияланған.

Жобада қазіргі қоғамдағы әйелдердің өздерін бағаламауы мен олардың надандығы талқыға түскен.

"Мысалы, біреудің әйелі ұл тумай, қыз туа береді. Белгісіз себептермен әйел кінәлі. Бірақ, "сперматозоид" еркекте ғой, әйелде тек аналық жасуша.

Ол күтеді, не жібереді, соны алады да ұрықтандырып, бала етіп шығарады. Әйелдің еш қатысы жоқ қой. Бірақ, ажырасып кетеді.

Неге "Мен мына еркектен кетемін, мені тек қызға екіқабат етеді" деп, туған-туыстарын жинап "Мынаны бір нәрсе қылыңдаршы. Қымыз ішкізіңдер, қазы жегізіңдер" деп айтатын әйелдер жоқ деп ойлаймын. Ал оған әйелдер өздерін кінәлі сезініп жүреді", -дейді жоба жүргізушісі Нұржан Еркінұлы.

Желіде тараған видеоны көрген желі қолданушылары екі түрлі пікір ұстанған.

"Негізі дұрыс айтады", "Ол тек Құдайдың қолында", "Ұлы сөзде ұят жоқ дейді, дұрыс айтады", "Құдай берсе аласың, бермесе алмайсың" , "Мен келісемін", - деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
1
28
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel