RU
Шымкенттік дәрігерлер тумасынан жүрегінде ахауы бар адамға ерекше ота жасады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Шымкенттік дәрігерлер тумасынан жүрегінде ахауы бар адамға ерекше ота жасады

Рассказать Вконтакте

Шымкентте кардиохирургтар 38 жастағы азаматтың жүрегіндегі тесікті бітеу  үшін ағзасындағы қапшықтан жамау жасап берді. Дәрігерлер емделушіге күрделі отаны үш сағат бойы жасаған деп хабарлайды KAZNUR.KZ.

Көрнекі фото: gagauz.md

Көрнекі фото: gagauz.md

Операцияны кардиохирругтар тумасынан жүрек ахауына шалдыққан азаматқа жасаған.

Ота кезінде мамандар ер кісінің  жүрегінде пайда болған тесікті бітеу үшін, жүрегінің сыртындағы қапшықтан жамау жасаған. Кейін пациенттің ағзасындағы қапшықтан жасалған жамауды жүрегіндегі тесікке бітеген.

"Отаның ерекшелігі сол- қабырға арасынан 4-5ші қабырға аралықта кішкентай ғана кесіммен 3-4 см эндовидеоторакоскопиялық құрылымның көмегімен іске асады. Бұл әдістің басқа операцияларға қарағанда артықшылығы ота жасалған науқастар 3-4 ші күні үйіне шығарылады, және реабилитация мерзімі өте қысқа болады. Тағы бір айта кететін жайт косметикалық тұрғыдан әсіресе жас әйелдерге және балдарға ыңғайлы, операциядан кейінгі тыртық білінбейді", - дейді Шымкент қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ергағанбет Қуатбаев.

Айта кетейік, шымкенттік дәрігерлер мұндай операцияны алғаш рет жасап, жақсы нәтижеге қол жеткізген. Күрделі операцияны жасау үшін ақ халаттылар шет елден немесе өзге қаладан білікті маман шақыртпай-ақ өз біліктіліктері арқасында сәтті жүзеге асырған.

Опеарцияның басым бөлігі - эндовидеоторакоскопиялық құрылығының көмегімен іске асқан. Қазіргі таңда әлемдік кардиохирургиялық тенденция осы әдіске көшуде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel