RU
Ақтөбелік әйел күтушіге тастап кеткен қызын 4 жылдан кейін іздеп келді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік әйел күтушіге тастап кеткен қызын 4 жылдан кейін іздеп келді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде екі әйел 5 жастағы қыз балаға таласып жатыр. Кішкентай Әсемгүл екеуін де жақсы көреді. Ол 1 жастан асқанда анасы бала күтушісіне қалдырып, төрт жылға хабарсыз кеткен. Осы уақыт ішінде баланы тәрбиелеп, бағып отырған келіншек оған бауыр басып қалғанын жасырмады. Ол туған анасынан бүлдіршінді өзіне қалдыруын сұрауды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Бала қазір арнайы орталыққа жатқызылған.

"28 ақпан күні баланы осында әкелгеннен бері мен күнде келіп тұрамын. Төрт жыл бойы тәрбиеледім, өзімнің қызымдай көрдім.

Балаға оның анасы басқа екенін, бауырлары барын да айттым. Мен баланы әрі қарай да тәрбиелегім келеді.

Құжаты жоқ баланы тәрбиелеп жатқанымды БАҚ арқылы айтқаннан кейін білім бөлімінің қызметкерлері қызымды алып кетті. Мен оны баланы сабаққа дайындау үшін айтқан болатынмын",- деді Марианна Фотеску.

Оның айтуынша, "Аяла" балаларды қолдау орталығында жатқан 5 жасар қыз баланы Астанадан келген анасы алып кетуге талпынып жүр.

"Мен баламды алып кетемін. Әсемгүлге дейін де, кейін де балаларым бар.

Бұл жағдайды жария етіп, шу қылмай, өзіме "Әсел, мен балаға бауыр басып қалдым, алып кетпеші" десе мен түсінбей қалатын адам емеспін.

Мүмкін заңды түрде келісімге келіп, қалдырар ма едім. Кім біліпті?! Ол "шу жасасам, мені ата-ана құқығынан айырады" деп ойлаған шығар", - деді қыздың анасы Әсел Пірманова

40 жастағы келіншектің айтуынша, 4 баласы бар екен.

Ол 1 жастағы қызын басқа әйелге қалай бергенін де түсіндірді.

"Ол кезде мен құрылыста жұмыс жасадым. Үйлерді сырлауға 5 жастағы қызымды ертіп алып кетемін. Ол кезде Әсемгүл тым кішкентай болды.

Марианаға бала күтушісі ретінде бір айдай ақша төледім. Кейін өзі "бермей-ақ қой" деді.

Мен осыған дейін балама жағдайыма байланысты келе алмадым. Қызымды алып кетемін",- деді анасы.

Арнайы орталық мамандары төрт жыл бойы туған баласын іздемеген ананың қолына қызды ұстата салмайтындарын алға тартты.

Олардың айтуынша, алдымен бала мен ананың байланысын бақылайды.

"Бұл баламен мен өзім жұмыс жасадым, анасы кеше келді. Бала анасын бірден таныды, қуанып жүр. Қыз баланың өзі "анама барамын" деп өз шешесін күтіп жүр.

Баққан әйелді де жақсы көреді. Бірақ өзінің туған анасымен кеткісі келеді.

Біз енді бірден беріп жібермей, бала мен анасының қарым-қатынасын зерттейтін боламыз. Әсемгүл бұл орталыққа келгенде анасы туралы көп айтпайтын.

Баққан әйел туралы айтып жүрді. Ол күнде екі рет келеді. Қыз балаға бауыр басып қалған. Бүгін бүлдіршін "Түсімде өзімнің мамамды көрдім. Мама мені құшықтап жатты. Оянғанда түсім екен" деп жүр.

Анасы құжаттарын дайындап, баласын алып кеткісі келеді. Бірақ оның барлығын комиссия шешеді", - деді "Аяла" орталығының педагог-психологі Нұргүл Басығарина

Айта кетейік, 5 жастағы қыз баланың тағдыры қала әкімі аппараты жанындағы кәмелеттік жасқа томағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында осы аптада шешілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ақтөбелік тұрғын біреудің 5 жасар қызын төрт жылдан бері бағып отырғаны туралы жариялаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
11
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel