RU
Мәскеуде косметологқа барған арудың бір көзі көрмей қалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Мәскеуде косметологқа барған арудың бір көзі көрмей қалды

Рассказать Вконтакте

Мәскеу клиникаларының бірінде гиалурон инъекциясын қабылдаған бойжеткеннің бір көзі көрмей қалды деп жазады Риа Новости сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, Александра Лисицина/ Риа Новости

Фото: Instagram, Александра Лисицина/ Риа Новости

Оның айтуынша, косметолог препараттың кері әсері туралы ескертпеген және зардап шегуші шара алдында ешқандай келісімшарт жасамаған. Ең сорақысы, косметолог маман клиникада бейресми жұмыс істеген.

"Косметолог препаратты салғанда мен қатты ауырсынуды сездім. Мұрныма қатты әсер етті. Қатты ауырғаны соншалық, бір көзім кенет қарауытып, көрмей қалғандай болды. Ал екіншісінде толқын ойнағандай болды", - дейді бойжеткен.

Шағымданған аруға сәл шыдай тұруды айтқан. Алайда, оның көзі қалпына келмей, клиникаға жедел жәрдем шақырылған.

Дәрігерлер бойжеткеннің көзі енді мүлде көрмейтінін жеткізген. Қойылған диагноздан кейін арудың таныстары Израильден мамандар тауыпты. Зардап шегушінің айтуынша, клиника шығынды ішінара өтеуге келіскен.

Ал израильдік мамандар бірнеше тексеріс өткізген соң диагнозды растаған.

"Менің бір көзім енді мүлде көрмейді. Кеше дәрігермен сөйлестім. Ол көзді тек Бостонда ғана ауыстыратынын, оған қыруар қаражат керек екенін айтты. Одан соң бәрі жақсарып кетеріне де кепілдік жоқ", - дейді бойжеткен.

Енді бойжеткен клиникамен соттаспақ.

Сіздің реакцияңыз
0
3
3
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel