RU
Өскеменде 13 жастағы бала өзін қорлаған полицейді тістеп алған
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде 13 жастағы бала өзін қорлаған полицейді тістеп алған

Рассказать Вконтакте

Өскемен қаласында 13 жасар жеткіншек пен автобус кондукторы арасында жол ақысы үшін жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Дау шығарған жасөспірімді электршокермен қорқытпақ болған полицейді бала тістеп алған деп хабарлайды Устинка сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өскеменде жеткіншек өзін электршокермен қорқытқан полицейді теуіп, тістеп алды

Көрнекі сурет: diapazon.kz

Оқиға бесінші наурыз күні №10 автобуста болған. 13 жастағы Даниилдің әжесінің сөзінше, бала жол ақысы ретінде 45 теңге төлеген. Алайда кондуктор оның оқушы екеніне сенбей, одан анықтама талап еткен.

Жеткіншек анықтамасын жоғалтып алғандықтан, көрсете алмаған. Жолаушылардың бірі баланың жолақысын төлеп берген. Дегенмен кондуктор балаға қысым көрсетуін жалғастырған. Ал соңғы аялдамаға келген кезде оны суретке түсіріп алмақ болып, жұлқылап, күрткесін жыртып тастаған. Тіпті жеткіншекті тұншықтыра жаздаған.

Мұндай әрекеттеріне шыдамаған жеткіншек оған қарсылық көрсеткен. Даудың арты үлкен жанжалға ұласып, екеуін автобус жүргізушісі мен жолаушылардың шақыртуы бойынша жеткен патрульдік полицейлер тоқтатпақ болған.

Даниилдің әжесі тәртіп сақшылары немересін электршокермен ұрып, оған тіл тигізгенін жеткізді.

Бұл қылықтарына жауап ретінде жеткіншек полицейді теуіп, саусағынан тістеп алған.

"Полицей немеремді 10 жылға соттатамын деп қорқытқан. Ток әсерінен Даниилдің қалшылдағанын көрдім. Киімінің бәрін жыртып тастады. Жаңа киім алуға қаражатымыз жоқ. Киім алуға мектеп көмектеседі", - деді зейнеткер әйел.

Өскемендік полиция басқармасы баспасөз қызметі аталмыш фактіні растады. Алайда жеткіншекке электр шокерін қолданғандығын жоққа шығарды. Патрульдік полицейлер оны сабасына түсіру үшін тек психологиялық тұрғыдан әсер еткен.

Жасөспірім Шығыс Қазақстандық облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен. Ол тәртіп бұзушылық үшін бірнеше мәрте жауапқа тартылған.

Бозбаланың кондукторға қоқан-лоққы көрсетуі фактісі бойынша арыз жазылған, алайда Даниилді жақтаған куәгерлер де бар.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel