RU
Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған адам түрмеде ауруға шалдыққан
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған адам түрмеде ауруға шалдыққан

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі қауіптілігі орташа түзету мекемесінде қазір 500-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында қыз зорлағандар, терроризмді насихаттағандар, алаяқтар және ұрлық жасап, тонаушылықпен қолға түскендер де бар. Өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі қауіпті қылмыскерлер отырған абақтыдан репортаж жасауға мүмкіндік алды.

Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған ер адам түрмеде

Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ

Жазалау мекемесінде қамауда отырған қылмыскерлердің бірі 14 жастағы қыз баланы зорлағаны үшін түрмеге тоғытылған. 32 жастағы ер адамға азғындық әрекеті үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліпті.

"Бұл кісі біздің мекемеге 2017 жылдың желтоқсан айында жеткізілді. ҚР ҚК-нің 120-121 бабы бойынша айыпты деп танылған.

Ол жасөспірім қыз баланы айуандықпен зорлап, қорлаған. Ол кісінің жасағандарын ауызбен айту мүмкін емес.

Бұл кісі түзету мекемесіне келгеннен кейін психологиялық ауруға шалдығып, жүйке жүйесі бұзылғандығына қатысты есепке алынды»,- дейді КА-168/2 түзету мекемесінің өкілі Байхат Қазбағамбетов.
Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған ер адам түрмеде

Фото: KAZ.NUR.KZ

13 наурыз күні бұл КА-168/2 түзету мекемесіне арнайы аппараттармен медицина қызметкерлері кіргізілді.

Жылдағы дәстүр бойынша жазасын өтеп жатқандардың денсаулығы жоғары технорлогиялы медициналық аппараттармен тексеріледі екен.

Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған ер адам түрмеде

Фото: KAZ.NUR.KZ

«Мұндай шаралар облыстағы түзету мекемелерінде жыл сайын жасалады. Хирург, стаматолог, психолог, терапевт секілді дәрігерлер сотталғандардың денсаулығына медициналық тексерулер жасайды. Ұсақ оталар да жасалады.

Тексеру кезінде ауру белгілері анықталғандарға қатысты емдеу шаралары тұрақты жүргізіледі. Тегін түрде тиесілі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі күні 200-ге жуық сотталушы медициналық тексерістен өтті»,- дейді жазалау мекемесінің баспасөз қызметкері Нұргүл Жұмағұлова.
Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған ер адам түрмеде

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сотталушылар бостандықта жүргендерінде бара алмаған дәрігерлерге түрмеде отырған кезде қаралуға жағдай жасалғанын мекеме басшыларына алғыс айтты.

«Мен Шымкент қаласының тумасымын. Қызылорда облысы аумағына есірткі затын еккенім үшін бас бостандығымнан айырды.

Оны жаман шөп деп ойлаған жоқпын. Жұмыс берушім алдаған. Бір гектар жерге егілген шөпті жоңышқа деп ойладым. Осында келгеніме 2 жыл 2 ай болды. Енді бір жылдан кейін мерзімім бітеді.

Бұл жақ көп нәрсеге шектеу қоятын түрме болғанымен, денсаулығымды қаратуға барлық мүмкіндіктер бар. Біз үшін жасалып жатқан мұндай шараларға алғыс айтамыз», - дейді 50 жастағы Талғат Молдабеков.
Ақтөбеде 14 жасар қызды айуандықпен зорлаған ер адам түрмеде

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сотталушыларға дәрігерлер кабинетіне жекелеп кіріп, кеңес алуға мүмкіндікжасалды.

Сіздің реакцияңыз
10
2
2
4
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel