RU
Бетіне тату салып алған отандық танымал вайнер қыз желіні шулатты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бетіне тату салып алған отандық танымал вайнер қыз желіні шулатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінің арқасында асқан танымалдылыққа ие болған Карина Оксукпаева бетіне тату жасатып, елден оңбай сөз естіді. Көпшілік оның бұл қылығын жас анаға тән емес деп бағалап, оған теріс пікірлерін жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Каринаның желіге жүктеген суреті көпшіліктің ашуын тудырған. Бұл жазбасы арқылы отандық вайнер көптен бері арман еткен татуын жасатып тастағанын хабарлады.

Анықталғандай, ол қазақы нақышқа ұқсайтын оюды қолына немесе мойнына емес, бетіне бастырған.

Оксукпаеваның әрекеті желі қолданушылардың көңілінен мүлде шықпаған. Олар бұл қылық бала тәрбиелеп отырған ана үшін тым ерсі екенін алға тартты.

Белгілі болғаны, вайнер татуын дәл 8 наурыз күні жасатқан.

Желідегілер оның әйгілі Майк Тайсонның татуын қайталап жасатқанын айтуда. Оған қоса, арудың оқырмандары суреттің астына танымал боксшыны белсенді түрде белгілеп жатыр.

"Не үшін жасаттың? Қандай мақсатпен айтшы?" , "Ақымақтық қой" , "Татусыз сондай әдемі едің" , "Масқара, сөз жоқ осы вайнерлерге" , "Татуың дәл Майк Тайсондікіндей екен" , "Түк жараспайды" , "Сен анасың ғой, бұл қылығың не?" , "Карина Тайсон" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
8
0
5
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel