АШМ Су ресурстары комитетінің басшысы қызметінен босатылды
Опубликовано:
Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитет басшысы Ислам Әбішев қызметінен босатылды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Шенеуніткің қызметінен кетуінің себебі әзірге белгісіз.
Ашық дереккөздердегі ақпарат бойынша, Әбішев комитетті 2014 жылдан бері басқарып келген.
2012-2013 жылдары комитет төрағалығынан кетіп, "Корпорация Батсу" ассоциациясының басшысы болып тағайындалған.
Ал 2014 жылы ол қайта су комитетінің төрағасы қызметіне оралған.
Сондай-ақ ол Өскемен әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі қызметтерін атқанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783660-asm-su-resurstary-komitetini-bassysy-kyzmetinen-bosatyldy/