RU
ШҚО-да босаған сыра қалбырын кәдеге жаратқан отбасы жұртты таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да босаған сыра қалбырын кәдеге жаратқан отбасы жұртты таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да Ивановтар жанұясы босаған сыра қалбырларын кәдеге жаратудың жолын тапқан. Олар қалбырды үйінің сыртына қажетті арнайы құрылыс материалы ретінде пайдалануда деп хабарлайды Алтайньюс.

Фото: Yk-news.kz

Фото: Yk-news.kz

Алтай ауданына қарайтын Малеев ауылындағы Ивановтардың үйі алыстан менмұндалап көрінеді. Себебі отағасы Виктор үйді әрлеу үшін түрлі-түсті сыра қалбырларын пайдаланған.

Ауызғы үйі, гараж, қора-қопсы – түгелдей қалбырмен қапталған.

Фото: Yk-news.kz

Фото: Yk-news.kz

Отағасының айтуынша, құрлылыс жұмыстарына барлығы 10 мың қалбыр кеткен. Ал оларды Бұқтырма мен Хамир өзендерінің жағасынан жинапты. Әсіресе жазда, демалушылардан кейін тіпті көп кездесетін көрінеді.

"Материалдың беріктігі сондай, өткен жылы көктемде су басқанда да, қора-қопсы міз бақпады", – дейді Виктор Иванов.
Фото: Yk-news.kz

Фото: Yk-news.kz

Сыра қалбырларының пайдасы туралы Лидия Иванова газеттен оқыпты. Айтуынша, сыра қалбырларын тот баспайды яғни күн түскенде бояуы оңып кетпейді екен. Сондықтан олар үй-жайларын осылармен безендіруді жөн көрген.

Ивановтардың айтуынша, енді көршілері де осы әдіске көшкен екен.

Сіздің реакцияңыз
4
4
3
0
4
38
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel