RU
Ақтөбеде терактіден жараланған полицей пәтер кілтіне ие болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде терактіден жараланған полицей пәтер кілтіне ие болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде лаңкестермен атыс кезінде жараланған полиция қызметкері бүгін басшысының қолынан пәтер кілтін алды. Әлі күнге дейін ішіндегі оқ жарықшақтарымен жүрген 25 жастағы Әлібек Жетіғаринге әріптестері бір күндік жалақыларын аударып берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Әлібек 2014 жылы полиция қызметкері атанып, жол-патрульдік батальонында жұмыс істеді. Екі жыл жұмыс істеген уақытында алты рет сыйақыға тағайындалды, оның үшеуі ІІМ—нің бұйрығымен берілді. Ешқандай ескерту берілмеген. Елбасының қолынан марапат алды. Қазіргі кезде Әлібекке екі бөлмелі қызметтік пәтер берілді. Полиция қызметкерлерінің бәрі бір күндік жалақысын аударды. Бұл 7,5 миллион теңге. Сонымен қатар, полиция департаменті төлеуі тиіс 1,5 миллион теңге төленді. "Дару" оңалту орталығынмен арнайы бағдарлама жасалып, ем қабылдайды", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Махамбет Абисатов.

Осыған дейін теракт кезінде ерлік жасаған полицейдің ем қабылдап жатқанында жұмыстан қуылғаны туралы ақпарат БАҚ бетінде жарияланған балатын. Полиция басшысы ем алып жатқан полицейді жұмыстан шығарып жібергендердің өздерін жұмыстан босатқанын айтты.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"2016 жылдың 5 шілдесі күні террорлық акт болған кезде алғашқылардың бірі болып оқиға орнына жетті. Сол кезде оқ тиіп, ауыр жараланды. Бауырына зақым келіп, оң қолына оқ тиді. Қазіргі кезде оң қолы дұрыс істемейді. Сондықтан мүгедектік берілген. Қазақстанның "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңы аясында қызметкер төрт ай ем ала алады. Ал аса ауыр болса, тоғыз ай ғана ем қабылдауға рұқсат берілген.
Біз екі жыл уақыт бердік, бірақ денсаулығын қалыпқа келтіру мүмкін болмады. Сондықтан, 2018 жылдың қараша айында полиция департаментінен жұмыстан шығарылды. Бірақ, оны мен еңбек демалысында жүрген кезде хабарлап, айтпаған. Бүгінгі ісімізді айтқызбай-ақ істеуіміз керек еді. Сондықтан, жұмыстан шығару туралы шешімге қол қойған екі қызметкер жұмыстан шығарылып, бірнеше басшы жазаланды",- дейді Абисатов.

Бүгін пәтер кілті мен 7,5 млн теңгенің сертификатын алған полицейдің қуанышында шек жоқ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл менің бірінші пәтерім. Қолдау білдірген басшы құрамға рахмет. Жағдайым жаман емес. Қазір ем алып жатырмын. Сол кезде "Паллада" дүкенінің аумағы менің аумағым болды. Бір топ адамның дүкенге кіргені туралы қоңырау болды. Олар дүкеннен шығып келе жатқан кезде біз қарсы келдік. Атыс кезінде ішкі құрылысымнан және қолымнан жарақат алдым. Ішімде жеті-сегіз оқ жарықшақтары бар. Оны отамен алуға келмейді. Дәрігерлер оқ қалдықтарының уақытымен дененің үстіне шығатынын айтты",-дейді Әлібек Жетіғарин.

Ол осы уақытқа дейін ата-анасымен бірге тұрған. Ұзақ уақыт ауруханада ем алған полицейдің төрт жасар қызы бар. Жұбайының екінші балаларына аяғы ауыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel