RU
Айдарбек Сапаров бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Айдарбек Сапаров бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі болды

Рассказать Вконтакте

Үкімет қаулысымен, Айдарбек Сапаров Қазақстан Республикасының бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айдарбек Сапаров. Фото: omskportal.ru

Айдарбек Сапаров. Фото: omskportal.ru

Айдарбек Сапаров 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келген. Ол 1992 жылы Омбы ауыл шаруашылығы институтын, 2006 жылы Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Калинин атындағы кеңшарда бастаған. Түрлі жылдары жекеменшік секторда жұмыс істеген.

2003–2006 жылдары — "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, директорының бірінші орынбасары.

2006 жылы — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

2006–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі. 2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары.

2011 жылдың қыркүйегінен қазірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel