RU
Дәстүріне берік кавказ отбасылары қандай ережені қатаң ұстайды?

Дәстүріне берік кавказ отбасылары қандай ережені қатаң ұстайды?

Рассказать Вконтакте

Салт-дәстүрлерге үлкен мән беретін кавказ халқының отбасылық өмірде де қатаң ұстанатын белгілі бір ережелері бар. Олардың арқасында жанұяда ұрыс-керіс болмай, бейбіт әрі сыйластыққа толы өмір орнығады екен деп жазады zen.yandex.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: dagnevesta.ru

Фото: dagnevesta.ru

Әйелдерге қатысты ережелер.

Бойжеткендерге түрлі түсті әрі тым ашық киім киюге қатаң тыйым салынған. Кавказдар үшін қыз баланың жүріс-тұрысы аса маңызды болып саналады.

Кавказ отбасыларында ең басты адам - отағасы. Сол себептен, бойжеткен оның әрбір сөзіне құлақ асып, айтқанын орындауға міндетті. Ал ару тұрмысқа шыққан соң, бұл мүдде оның жұбайына беріледі. Әйел адам балаларды тәрбиелеп, үй шаруасымен айналысады. Оның бар жұмысы тек үй аумағында болады.

Фото: yandex.ua

Фото: yandex.ua

Ер адамға қатысты ережелер.

Ер азаматтар ауыр жұмысты өзі жасауы керек. Ер адам бар жерде ауыр жұмысты қыз-келіншектердің атқарғаны орынсыз. Оған қоса, ережеге сәйкес, азаматтар қиналып жүргенін білдірместен әрбір ісін соңына дейін жеткізуі тиіс.

Әрбір кавказ жігіті әйел атаулысына асқан сыйласымдық танытуға міндеттеледі. Оларды бұл тәртіпке бала кезінен бастап үйретеді екен.

Ең қызығы, Кавказда ер азаматтарға өзгенің көзінше, әйеліне деген сезімін көрсетуге болмайды. Тіпті, бұрынғы салтты әлі ұстанып келе жатқан кейбір ерлі-зайыптылар басқа адамдардың көзінше мүлде сөйлеспейді екен.

Біз үшін бұл ережелер жат болып көрінгенімен, кавказдықтар оны бақытты отбасылық өмірдің заңдылығы деп бағалайды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel