RU
Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси мансабы қалай басталған?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси мансабы қалай басталған?

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатып, Қасым-Жомарт Тоқаев президент міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. KAZ.NUR.KZ Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси мансабын назарларыңызға ұсынады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси мансабы

Фото: liter.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатты>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін атқаратын болды>>>

Назарбаев: Мен бар күш-жігерімді аямай, адал қызмет еттім>>>

Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген.

1970 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжің лингвистикалық институтын, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

1975 жылы КСРО сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралған.

1992 жылы Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

1999 жылдың наурыз айында премьер-министрдің орынбасары атанып, 1999 жылдың қазан айында парламенттің келісімімен президент жарлығына сәйкес премьер-министр лауазымына тағайындалды.

2002 жылдың қаңтарында отставкаға кетіп, кейін мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі атанды..

2007 жылдың қаңтарына дейін сыртқы істер министрі ретінде жұмыс істеп, кейін Қазақстан парламенті сенатының төрағасы болып сайланды.

2017 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан республикасы парламенті сенатының отырысында президенттің ұсынысы бойынша жасырын дауыс беру арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев парламент сенатының төрағасы болып қайтадан сайланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының он сессиясының жұмысына белсене атсалысқан, ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлері кеңестерінің төрағасы болып сайланған, төтенше және өкілетті елші дипломатиялық рангіне ие.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы ретінде 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев - саяси ғылымдар докторы. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша тоғыз кітап пен бірқатар мақалалардың авторы.

Ол бүкіәлемдік гуманитарлық және жаратылыс ғылымдары академиясының мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясы "Даналар" кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (ҚХР), Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және докторы әрі оның Қамқорлық кеңесінің мүшесі, Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесінің Құрметті президенті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы, Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің Құрметті деканы. Ол ҚР СІМ Нәзір Төреқұлов және РФ СІМ А.Горчаков атындағы естелік медальдарымен, Женева Университетінің "Академикус" грамотасымен, сондай-ақ, С.Н.Рерих атындағы естелік медалімен марапатталған.

Орыс биографиялық қоғамы Тоқаевты "Жыл адамы - 2018" лауреаттарының тізіміне енгізген.

Қазақстан республикасының және басқа да елдердің бірнеше мемлекеттік наградаларымен марапатталған.

Марапаттары:

  • Отан ордені (2014)
  • Орден "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" ордені (2004)
  • Парасат ордені (1996)
  • Астана медалі
  • "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
  • "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
  • "Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл" медалі
  • Құрметі ордені (Ресей Федерациясы, 2017 жылғы 1 наурыз) — Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан мол үлесі үшін
  • Достық ордені (Ресей Федерациясы, 2004 жылғы 12 желтоқсан) — Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан мол үлесі үшін
  • ІІІ дәрежелі Ярослав Мудрый князь ордені (Украина, 2008)
  • "Достастық" ордені (ТМД ПАА, 2007)
  • 1 санатты Серб туы ордені (2016)
  • "Қоғамдық бедел" құрметті алмаз ордені (РФ)
  • "Федерация кеңесі. 20 жыл" мемрейтойлық медалі
  • "Достық ағашы" медалі (ТМД ПАА, 2003)
  • ТМД Грамотасы
  • "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалі (2018)

Еске сала кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Елбасы президент өкілеттілігін тоқтатып, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін атқаратын болды.

Сіздің реакцияңыз
3
2
2
6
2
16
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel