Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даурығудың қажеті жоқ": Ұлттық банк валюталық нарыққа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

19 наурыз күні кешке айырбас нүктелерінде доллар бағамы 387 теңгеге дейін көтеріліп кетті. Алайда, Kurs.kz мәліметі бойынша бүгін америкалық валюта 385 теңгеден сатылып жатыр. Валюта нарығындағы мәселеге қатысты Қазақстан Ұлттық банкі пікір білдірді деп хабарлайды қаржы реттеуші баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Көрнекі фото: krpress.ru
Көрнекі фото: krpress.ru: Instagram

Ұлттық банктің айтуынша, валюталық нарықтағы жағдай бірқалыпты, сол себепті, теңге көрсеткішінің төмендеуіне еш негіз жоқ.

"Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктерде халық пен ұйымдардың сұранысын қамтамасыз ететін қолма - қол ақша көлемі жеткілікті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мәлімдемеде реттеуші теңгенің биржалық бағамын қолдау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап, оның қысқа мерзімді ауытқуларын түзеуге дайын екені айтылды. Ұлттық валютаның ағымдағы бағамы тұрақты және Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуынсыз биржада өздігімен қалыптасады.

Тенгенің тұрақтылығына ішкі және сыртқы экономикалық факторлар әсер етеді.

"Бүгінгі таңда қолма-қол валюта нарығына қатысты даурығудың еш қажеті жоқ. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттегі айырбас нүктелеріндегі жағдайды қадағалайды. Алыпсатарлық жағдайлар анықталғанда айырбас валютаның көрсеткіші жоғарылайды. Жедел шешім қабылдау үшін Қазақстан Ұлттық банкінің филиалдарына хабарласуды ұсынамыз", - деп түйіндеді қаржы реттегішінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784455-daurygudy-kazeti-zok-lttyk-bank-valutalyk-narykka-katysty-pikir-bildirdi/

pixel