RU
Павлодардық бойжеткен "Қазақ аруы - 2019" атанды (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Павлодардық бойжеткен "Қазақ аруы - 2019" атанды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Павлодарлық бойжеткен Сәния Темірханова "Қазақ аруы – 2019" байқауының жеңімпазы атанды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: bnews.kz. Авторы Бауыржан Жуасбаев

Фото: bnews.kz. Авторы Бауыржан Жуасбаев

Елорда төрінде өтетін байқауға еліміздің әр өңірінен 18 бойжткен қатысып, бағын сынаған.

Қазылар алқасының құрамында тележүргізуші Айгүл Мүкей, Динара Сәтжан, әнші Қарақат Әбілдина, актер Ерік Жолжақсынов сынды тұлғалар болды.

Ал төрағалықтың сенат депутаты Бірғаным Әйтімова отырды.

Фото: bnews.kz. Авторы Бауыржан Жуасбаев

Фото: bnews.kz. Авторы Бауыржан Жуасбаев

Байқау қортындысы бойынша, бас жүлде павлодарлық бойжеткен Сәния Темірхановаға бұйырса, бірінші орынды қарағандылық Айханым Орынбекова, екінші орынды астаналық Анна Вайдурова иеленді.

Ал үшінші орынға қазылар алқасы Павлодар өкілі Сая Тұрсынбекованы лайық деп тапқан.

Фото: bnews.kz. Авторы Бауыржан Жуасбаев

Фото: bnews.kz. Авторы Бауыржан Жуасбаев

Жеңімпаз атанған Сәния Мұқағали Мақатаевтың жүзге жуық өлеңдерін жатқа білетінін айтып, таңғалдырған.

Ару байқау кезінде жүргізушінің сынағынан сүрінбей өтіп, бұл сөздердің шынайылығын дәлелдеді.

"Өте қуаныштымын, біз бір айға жуық дайындалдық. Әрбір қыз "Қазақ аруы" атануға лайық. Бұл мәртебені жыл бойы лайықты алып жүремін деген ойдамын", - деді бойжеткен.

Айта кетейік, "Қазақ аруы" – танымал продюсер Баян Алагөзова өткізетін жыл сайынғы сұлулық байқауы. Аталған байқауда еліміздің барлық өңірінен 16-20 жас аралығындағы қыздар бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
7
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel