RU
Дариға Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жолдады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дариға Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

Дариға Назарбаева сенат спикері болды. Сенат депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дариға Назарбаева қазақстандықтарға

Фото: 24.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды (фото, видео) >>>

Әшімбаев: Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданды>>>

Тоқаев: Елбасы – саясаттағы ұлы ұстазым>>>

Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент отырысында сөйлеген сөзі>>>

Жасырын дауыс беруге 44 депутат қатысқан.

Жасырын дауыс беруді есептеу комиссиясының төрағасы Тілеубек Мұқашев сенат төрағасы кандидатурасын таңдайтын бюллетенде Дариға Назарбаеваның аты-жөні көрсетілгендігін мәлімдеді.

Депутаттарға 44 бюллетен таратылды. Олар толтырылған бюллетенді арнайы жәшікке салған.

"Дауыстар келесідей бөлінді: Дариға Назарбаеваның кандидатурасы 44 депутат дауыс берді. Қарсылық білдіргендер - жоқ. Бейтарап қалғандар - жоқ. Осылайша, парламент сенатының төрайымы болып Дариға Назарбаева тағайындалды", - деп мәлімдеді Мұқашев.

Өз кезегінде Дариға Назарбаева әріптестеріне білдірген сенімдері үшін алғыс білдірді.

"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, әріптестерім, қымбатты қазақстандықтар, көрсеткен сенімдеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Елдің саяси және қоғамдық өмірінде парламенттің рөлі орасан екенін білемін. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық білімім мен қабілетімді жұмылдырамын", - деді сенат спикері Дариға Назарбаева.

Еске сала кетейік, Назарбаеваның кандидатурасын Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз
53
2
4
0
4
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel