RU
Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қанша қаражат жұмсалады?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қанша қаражат жұмсалады?

Рассказать Вконтакте

Астананы Нұр-Сұлтан атауына өзгертуге қанша қаражат жұмсалатыны жайлы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан. Фото: e-history.kz

Нұр-Сұлтан. Фото: e-history.kz

Дәленовтің айтуынша, Астана атауын өзгертуге қанша қаржы жұмсалатыны әлі белгісіз. 

"Есептеген жоқпыз. Бірақ қолда бар ақшаның, бюджеттің шегінде деп ойлаймын", - деді министр парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Ол елорда атауын өзгертуге жұмсалатын қаржат сомасы кейін жеке хабарланатынын айтты.

"Түсінесіздер ме, атауды өзгерту бірден жүзеге асатын дүние емес. Ал құжат, төлқұжат, маңдайшалардағы атауларды сұрап тұрсаңыздар, мұның бәрі жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше парламент Астананың атауын Нұр- Сұлтан деп өзгертуді мақұлдады.

Сондай-ақ Астана қалалық мәслихатының депуттары алтыншы шақырылымының кезектен тыс 46-сессиясында мемлекет астанасының атауын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту шешімін қабылдады.

Сіздің реакцияңыз
98
4
2
4
6
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel