RU
"Наурыз" мейрамын "Хабармен" қарсы алыңыз
Жаңалықтар Қоғам

"Наурыз" мейрамын "Хабармен" қарсы алыңыз

Рассказать Вконтакте

Еліміз үшін ең ұлық мейрам - "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" мерекесіне орай "Хабар" телеарнасы көрермендеріне көптеген бағдарламалар мен жаңа жобалар әзірледі. Мейрам күндері "Өнер барысы", "Қазақ аруы" сынды жобалар, мерекелік концерттер мен қызықты фильмдер көрсетіледі.

Фото: Хабар арнасы

Фото: Хабар арнасы

21 наурыз күні "Өнер барысы" (14.00) мега жобасы тікелей эфирде ұсынылады. Елімізде тұңғыш рет сахна саңлақтары қазақ күресінен сайысқа түседі. Боз кілемде күш сынасатындар: ағайынды Артур және Асылхан Төлеповтер, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Еркебұлан Дайыров, Аян Өтепберген, сондай-ақ Ғалым Махамбетов сынды өнер әлемінің «мен» деген мықтылары. Дүбірлі доданың идея авторы әрі жетекшісі – айтыскер ақын Балғынбек Имаш.

Фото: Хабар арнасы

Фото: Хабар арнасы

22 наурыз күні сағат 07.30-да "Таңғы Хабар" бағдарламасы тікелей эфирде шығып, сағат 10.00-ден бастап күні бойы "Ұлы дала Наурызы" мерекелік телемарафонымен жалғасады. "Хабар телеарнасы осы жылы Наурыз мейрамын қалың бұқарамен бірге қарсы алуды ұйғарды.

Таңнан кешке дейін жалғасатын тікелей эфирге еліміздің белгілі өнер иелері, спортшылар мен танымал тұлғалар қатысып, әуезді әннен шашу шашылады, мың бұралған бишілер өнер көрсетеді. Сондай-ақ еліміз бен шет мемлекеттегі қандастарымызбен тілей қосылымдар жасалып, Ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ерекшеліктер мен дәстүрлер көрсетіледі.

Жүргізушілер Нұрсұлтан Құрман, Сағыныш Әбікей, Олжас Сыдықбек, Гүлбаршын Зайырова, Мая Бекбаева, Жандарбек Бұлғақов және т.б.

Фото: Хабар арнасы

Фото: Хабар арнасы

Сол күні сағат 21.30-да "Хабар" телеарнасының "Қазақконцертпен" бірлескен "Ұлыстың ұлы күні" концерті ұсынылады. Қайрымдылық шарасында еліміздің танымал өнерпаздары балалар үйінің тәрбиеленушілері мен кембағал жеткіншектерге тосын сый әзірлеген еді. Кеш барысында көнеден жеткен көрісу дәстүрі жаңғыртылып, балаларға бағалы сыйлықтар табысталды.

"Бағзыда баба салтында болып, кейін ұмыт қалған амал мерекесін жаңғырту арқылы – әз-Наурыздың қадір-қасиетін арттыруға болады. Көрісуден бастау алған думанды дүрмек қазір елдің түпкір-түпкірінде кеңінен атап өтіліп жатыр. «Ұлыстың ұлы күні» мерекелік шарасы соның айғағы", - дейді "Хабар Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев.

Фото: Хабар арнасы

Фото: Хабар арнасы

23 наурыз күні сағат 20.15-те "Миллион кімге бұйырады?" интелектуалдық шоуының мерекелік шығарылымы болады. Ойында «Хабар» телеарнасының жүргізушілері мен "Келінжан" телехикаясының актерлері білімдерін сынайды.

Сондай-ақ сағат 22.00-де «Қазақ Аруы 2019» ұлттық байқауының телевизиялық нұсқасы көрсетіледі. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған байқауда Алтын тәждің иесі Павлодар облысының аруы Сәния Тімерханова атанды. Бірінші орынды Қарағандылық Айханым Орынбековаға, екінші орын Астана қаласының аруы Анна Вайдурова, ал үшінші орын Павлодарлық Сая Тұрсынбековаға бұйырды. Тал шыбықтай бұралған, талдырмаш мүсін арулардың барлығы өнерлі, ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен тарихымызды, әдебиетімізді жетік біледі.

Фото: Хабар арнасы

Фото: Хабар арнасы

24 наурыз күні сағат 22.00-де "Хабар" телеарнасы Кәсіпқой бок кешін тікелей эфирден көрсетеді. Тартысты кездесудің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы, Садриддин Ахмедов және Нұрсұлтан Жаңабаев жұдырықтасады. Шаршы алаңда қазақстандықтармен қатар Ресей, Африка, Венесуэла, Индонезия, Өзбекстан, Грузия және өзге мемлекеттердің спортшылары айқасады.

Фото: Хабар арнасы

Фото: Хабар арнасы

Сонымен қатар мереке күндері "Хабар" телеарнасы балаларға базарлық дайындады. Мейрам күндері "Отырар дастаны", "Киелі Қазығұрт", "Отырарды қорғау", "Күш атасы – Қажымұқан", "Көне Құмыраның сыры", "Бәйдібек би" мультфильмдері мен қазақ киносының қоржынынан үздік картиналар көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel