RU
Астаналықтар Ресеймен өткен матчта алаңның астаң-кестеңін шығара жаздады (фото,видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астаналықтар Ресеймен өткен матчта алаңның астаң-кестеңін шығара жаздады (фото,видео)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда Еуропа чемпионаты аясында өткен Қазақстан мен Ресей құрамаларының іріктеу ойыны барша футбол сүйер қауымның басын қосқан еді. Алайда бұл кездесу даулы оқиғасыз болмады. Ойынға билет таппаған елордалықтар алаңға баса-көктеп кіріп, ойынның астаң-кестеңін шығара жаздады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Астана арена" стадионында өткен ойынға 30 мыңнан астам жанкүйер жиналды.

Өкініштісі, көршілес елдердің ойынына билет таппаған жергілікті халық стадионға күшпен кірмек болды. Олар тіпті алаң алдында тұрған күзет қызметіне де қарамады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Осыдан үш күн бұрын ғана билет болған. Бұлай билеттер тез сатылып кетеді деп ойламадық. Стадион маңында ине шаншар орын жоқ, билет таппай, қайтуға тура келіп тұр",-деді жергілікті тұрғындардың бірі.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетерлігі "I" тобы аясында бақ сынаған Ресей мен Қазақстан құрамаларының ойыны 4:0 есебімен, қонақтардың жеңісімен аяқталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel