RU
Гір тасын 100 рет көтерген қазақ әйелі жұртты таңдай қақтырды
Жаңалықтар Қоғам

Гір тасын 100 рет көтерген қазақ әйелі жұртты таңдай қақтырды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде гір тасын 100 рет көтерген келіншектің видеосы тарап кетті. Ақ жаулықты ару "Наурыз" мерекесінде сайысқа түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ұлттық киімдегі келіншектің видеосы quandyqkz парақшасында жарияланған.

Видеодан сайысты ұйымдастырушы азаматтың микрофонмен дауыстап санағанын байқауға болады.

Сондай-ақ келіншек гір тасын көтерген сәтте көрермендер де толқып тұрған. Олар білекті аруға барынша қолдау білдірген.

Ал желі қолданушылары келіншектің әрекетін көріп, таңғалғандарын жасыра алмады.

"Керемет", "Жарайсыз", "Мына келіншектің балалары да өзі секілді алып болатын шығар", "Қандай күш", "Өте тамаша", "Жігіттеріміздің бәрін басып-озды ғой".
"Тіл-көзден сақтасын", "Батырларды осындай аналар өмірге алып келеді", "100 жасаңыз", "Елімізде небір батыр әйелдер бар екен ғой" деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
34
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel