RU

Алматыда YPO жастар бизнес-форумы өтеді

Алматы қаласында 5 сәуір күні сағат 17:30-да Студенттер сарайында (Тимирязев көшесі) YPO клубының екінші бизнес форумы өтеді.

Алматыда YPO жастар бизнес-форумы өтеді

YPO (Young Presidents Organization) – кәсіпкерлер мен компания иелерінің халықаралық жабық клубы, әлем бойынша клубтың 25 мың табысты бизнес өкілі бар. Ал Қазақстанда YPO құрамында 21 кәсіпкер бар, олардың алтауы форумда спикер болады.

Жас кәсіпкерлердің тәлімгерлері ретінде BI Group директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Айдын Раxимбаев, Globalink Logistics компаниясының CEO Сиддик Хан, Forbes Kazakhstan шығарушысы Арманжан Байтасов, Chocofamily Holding негізін қалаушылардың бірі және CEO Рамиль Мухоряпов пен Phaeton DC негізін қалаушы Марат Шотбаев табысқа жету құпияларымен, практикалық кейстерімен және елде бизнес жүргізу бойынша кеңестермен бөліседі.

YPO форумы тек кәсіпкерлер мен стартаперлерді ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті студенттер мен университет түлектерін де қатысуға шақырады.

Қатысу үшін сілтеме бойынша ticketon.kz сайтында тіркелу қажет.

Форумның ақпараттық серіктестері: Forbes Kazahkstan, Business FM

БАҚ өкілдерін аккредитациялау 2019 ж. 4 сәуірі, сағат 17-00-ге дейін жалғасады.

Байланыс: Самал Мурат

+7 775 430 3945, murat_s@bi.group

Форум үйлестірушісі: Гаухар Керимова

+7 702 215 0117 kerimova_g@bi.group

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785427-almatyda-ypo-zastar-biznes-forumy-tedi.html