Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басымды қатырма": Келіншегімен төбелескен Ұшқын Жамалбек елді шулатты

Опубликовано:

Жас келіншегімен ұрысып, үйдің астаң-кестеңін шығара төбелескен әнші Ұшқын Жамалбектің жаңа клипі жұртты дүр сілкіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұшқын Жамалбек. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Ұшқын Жамалбек. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өзіне және өзге де әншілерге ән жазатын композитор "Басымды қатырма" атты бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды.

Су жаңа клипті тамашалаған желі қолданушылары жарыса пікір жазып, қызу талқыға салған.

"Жарайсың", "Клиптерің ерекше", "Ән де, бейнебаян да күшті шыққан", "Өнерің өркендей берсін", "Ой саларлық бейнебаян. Аз ғана ғұмырда тату өмір сүрейік".

"Клипте артық кеткен жерлері бар. Қаруды қолданғандарың сәл артық болды. Қазіргі жастар миымен емес, көзімен ойлайды ғой. Бірақ бір ұнаған жері - сүйген адамның кешірімді болатыны",

"Бұл клиптегі ұрыс қазір жас отбасының көбісінде болып жатыр. Бейнебаян өмірдегі нәрсені ғана көрсеткен", - деп пікір білдірген желі қолданушылары.

Айта кетерлігі, бұрын "Алашұлы" тобында ән салған Ұшқын Жамалбек соңғы бір жылда бірнеше клипін шығарып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785588-basymdy-katyrma-kelinsegimen-tbelesken-skyn-zamalbek-eldi-sulatty/

pixel