Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім қасыма жоламайды": Бала туған соң толып кеткен келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Дүниеге бір ұл әкелген соң толықтаған келіншек жан сырын ақтарды. 23 жастағы жас ананың сөзінше, күйеуі қасына жоламайтын болған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: sun-hands.ru
Көрнекі фото: sun-hands.ru: Instagram

Босанған соң артық салмақ қосып алған келіншектің киімдері сыймай қалған. Ал перзентханадан шыққанына төрт ай болса да, күйеуі қасына жақындамайды екен.

"Перзентханадан босанып шыққалы күйеуім бөлек жатып жүр. Баланы сылтауратып, қасыма жоламайды. Ата-енемізбен тұрамыз. Олардың көзінше ұрысқаым келмейді, қалай көңілін ауларымды білмеймін", - дейді ол.

Жас ана жұбайының сұрағы көңіліне үнемі қаяу түсіретінін айтады.

"Арасында ол менен "сен енді бұрынғыдай арық болмайтын шығарсың, иә?" деп сұрап қояды. Арықта деп айтайын десе, айта алмай журген секілді. Қысқасы, осы артық салмақтан күйеуім екеуміздің арамыз алшақтап барады.
Ішім де қалып койды. Өзім ауыр босанғандықтан ішімді дер кезінде тартпаған едім, енді ішім қалып қойды. Бұрынғы салмағым 46 келі болған, қазір 58 келіден асып тұрмын, бойым 160 сантиметр", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785683-kjeuim-kasyma-zolamajdy-bala-tugan-so-tolyp-ketken-kelinsek-myn-sakty/

pixel