RU
Шаштың түсуін тоқтатудың ең тиімді 7 әдісі қандай?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Шаштың түсуін тоқтатудың ең тиімді 7 әдісі қандай?

Рассказать Вконтакте

Шаш түсуі табиғи нәрсе. Орташа есеппен адамның күніне 80 тал шашы түседі екен. Алайда кейде шаш түсуі қарқынды болуы мүмкін. Бұл денсаулығыңызды тексеру керектігін ескертеді. Uznayvse.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ шаш түсуін тоқтатудың жеті тәсілін назарларыңызға ұсынады.

Шаш түсуін тоқтатудың ең тиімді тәсілдері

Көрнекі фото: uznayvse.ru

1. Көбірек ақуыз пайдалаңыз

Ақуыз ағзамыздың құрылыс материалы. Бұл шашқа да қатысты. Диетологтар күніне орта есеппен 120 грамм ақуыз жеуді ұсынады және оны таңғы асқа жеген абзал.

2. Дәрумендер ішіңіз

Дәрумендер кешенін және құрамында темір, цинк, селен бар микроэлементтерді қабылдаңыз. L-лизин және l-метионин амин қышқылдарын ішіңіз немесе құрамында осы қышқылдар бар тамақты пайдалаңыз.

3. Тамақтануыңызға мән беріңіз

Қаныққан май қышқылдары, транс-майлар, тез сіңетін көмірсуларды жемеңіз. Тамақтану арасы төрт сағат болуын қадағалаңыз. Бұл мүмкін болмаса, жеміс-жидек, тұтас дәнді өнімдер пайдаланыңыз.

4. Шашқа арналған құрылғыларды көп қолданбаңыз

Лак, мусс және тағы басқа шаш құралдарын пайдаланбаңыз.

5. Жаман әдеттерден арылыңыз

Ең алдымен темекі, кофе және ащы шайдан бас тартыңыз. Бұл соматотропин гормонының деңгейін арттырып, ақуыздың сіңуін күшейтеді.

6. Ерте ұйықтаңыз

Шаш өсуіне мелатонин гормоны әсер етеді. Ал ол ағза ұйықтаған кезде бөлінеді. Ол кешкі сегіз бен таңғы төрт аралығында бөлінеді. Оны "бақыт гормоны" деп те атайды. Ол арықтауға көмектесіп, көңіл-күйдің жақсы болуына әсер етеді.

7. Шашыңызды ауа райының қолайсыздығынан қорғаңыз

Шашқа жоғары және төмен температуралар аса қауіпті. Сондықтан оларды жылдың төрт мезгілінде де қорғаған жөн.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
5
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel