RU
Түсіңізде неке көйлегін көру нені білдіреді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Түсіңізде неке көйлегін көру нені білдіреді?

Рассказать Вконтакте

Неке тойы әрбір әйел адам үшін аса жарқын естеліктерге толы оқиға. Алайда түсіңізде неке көйлегін кию не білдіреді? Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

Түсіңізде неке көйлегін көру нені білдіреді?

Көрнекі фото: sunmag.me

Миллер түс жоруы бойынша, мұндай түс көп ұзамай қоғамдық жұмыстарға қатысатыныңызды білдіреді.

Егер көйлек матасы қыртыстанған, таза емес болса, бұл кикілжіңнің нышаны. Сүйіктіңізге қамқорлық көрсету керегін білдіреді. Егер мұны істемесеңіз, мұндай түс көп ұзамай айырылысу болатынын ескертеді.

Егер неке көйлегін тіккізіп жатсаңыз, онда көп ұзамай жақсы хабар аласыз. Ал салоннан сатып алсаңыз, онда бұл өңіңізде той жасауда қиындықтар туындайтынын немесе басқа әйел сүйіктіңізді алып кететіні жайлы ескертеді

Әртүрлі көйлектерді киіп, ұнайтын көйлек таппасаңыз, онда сүйіктіңізбен айырылысасыз деген сөз.

Егер сізге неке көйлегін күйеу жігіт сыйласа, онда көп ұзамай күйеуге шығасыз. Ал бұрынғы күйеуіңіз осындай сыйлық жасаса, бұл алдағы қиындықтарды білдіреді.

Неке көйлегін бүлдіріп алсаңыз, онда шынайы өмірде ұятқа қалып, көпшіліктің өсегіне айналасыз.

Ал той көйлегін сатып жатсаңыз, онда шынайы өмірде опасыздыққа тап боласыз деген сөз. Сүйіктіңіз көзіңізге шөп салуы мүмкін.

Көйлектің жыртығын жамап жатсаңыз, сүйіктіңіздің алдындағы кінәңізді жуып-шайғыңыз келетінін білдіреді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel