RU
Қазақстандықтар 5 мың теңгеге ұшаққа билет сатып алатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар 5 мың теңгеге ұшаққа билет сатып алатын болды

Рассказать Вконтакте

"FlyArystan" бюджеттік әуе компаниясы кейбір бағыттарға билет құнын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Аталған компанияның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ұшу ұзақтығы 1 сағатты құрайтын Тараз бен Алматы арасындағы рейске билетті бар болғаны 5 мың теңгеге сатып алуға болады.

"Жақындарыңызға енді әр апта сайын ұшуға болады. Бір жақты билет құны небәрі 4 999 теңгеден басталады", - делінген жазбада.

Сондай-ақ, Орал мен Алматы бағытындағы рейске билет құны 12 999 теңгеден басталатындығын хабарланды.

Айта кетейік, билеттерді flyarystan.com сайтында арзанырақ сатып алуға болады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel