RU
Атыраулық имам бес балалы анаға пәтер кілтін табыстады (фото)

Атыраулық имам бес балалы анаға пәтер кілтін табыстады (фото)

Рассказать Вконтакте

Баспана кілтін тапсырып тұрып, Бас имам Баатыржан Берденұлы мұсылманның мұсылманға бауыр екендігін, әр қайырымды істің артында сауап жатқанын атап өтті. отбасына пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды muftyat.kz.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Осыдан екі ай бұрын Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Индер аудандық Әйіп қажы мешіті мұқтаж отбасына баспана алу мақсатында қаржы жинай бастаған болатын.

Екі ай ішінде тиісті сома жиналып, мешіт жамағатының және Индер халқының қолдауымен мұқтаж отбасыға екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды.

Баспана кілтін тапсырып тұрып, бас имам Батыржан Берденұлы мұсылманның мұсылманға бауыр екендігін, әр қайырымды істің артында сауап жатқанын атап өтті.

Пәтер табыс етілген әйел адам - жұбайынан айрылған, бес баланың анасы Нұргүл Нұрсейітова.

"Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровқа, Әйіп қажы Индер аудандық мешітіне, жергілікті жамағатқа, ауылдастарыма Алла разы болсын. Балаларым өз үйіміздің бар екеніне әлі сене алмай, қуанып жүр", - дейді көп балалы ана Нұргүл Нұрсейітова.
Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel