RU
"Секс бар": Атышулы Байзақованы клипке түсірген жігіттер мәлімдеме жасады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Секс бар": Атышулы Байзақованы клипке түсірген жігіттер мәлімдеме жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Үш жігіттен құралған "Alem band" тобы NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасына келіп, Байзақованы түсірген атышулы бейнебаяндары жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүрзушісі Мұхит Сапарбаев жас жігіттерден: "Бұл бейнебаянда секс бар ма?", - деп сұраған.

Ал жігіттер бейнебаянның кей сәтінде ондай кадрлердің кездесетінін жасырмады.

"Бар. Биінде. Жалпы Айжан түскеннен кейін үш минут бойы сіз айтқан зат бар болып тұр ғой", - деп күле жауап берген "Alem band" тобы.

Айта кетейік, жас жігіттер ел арасындағы өздеріне қатысты теріс пікірлерді де жиі тыңдайтынын жеткізді.

"Көбісі айтады "Ой мына жігіттер кішкентай. Айжанның жанында кішкентай балалар сияқты", "Дарынсыздар", "Таланттары жоқ", "Даусы жоқ" деп айтады. Әрине көңілге тиеді. Егер ол кісілер айтқандай дарынсыз болсақ, бізді продюсер көтеріп жүрмейтін еді.

Барлық жасалған жұмысты үйде жатып, жоққа шығару қате пікір. Жалпы ондай пікірлердің көбісі қытығыңа тиеді", - деп ағынан жарылды топ жігіттері.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
4
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel